Зариф: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын әлсірететін ешбір әрекет қабылданбайды
https://itolqyn.com/news/world-i33835
ИИР Сыртқы істер министрі «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын әлсірететін ешбір әрекеттің қабылданбайтынын айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 12, 2018 17:30 Asia/Almaty
  • Зариф: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын әлсірететін ешбір әрекет қабылданбайды

ИИР Сыртқы істер министрі «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасын әлсірететін ешбір әрекеттің қабылданбайтынын айтты.

Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Еуроодақ басшылары, Франция, Германия және Ұлыбритания Сыртқы істер министрлерімен Брюссельде отырыс өткізгеннен кейін Twitter-дегі  парақшасында: «Бүгін Брюссельде отырысқа қатысушылардың барлығы бірауыздан мына мәселелерді қуаттады: Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына берік; Иран халқының бұл бағдарламаның артықшылықтарын пайдалануға толық құқығы бар; «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын әлсірететін ешбір әрекет қабылданбайды»,-деп жазды. Могерини мен Франция, Германия және Ұлыбритания Сыртқы істер министрлері осы отырыста Еуропа мен өз үкіметтерінің көпжақты дипломатияның теңдессіз жетістігі саналатын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне беріктігін қуаттады. АҚШ Президенті Дональд Трамп басқа тараптардың ұстанымына керісінше әрдайым бұл бағдарламаны «қорқынышты келісім» деп атап, оның бұзылуын қалайтынын мәлімдеп келеді.