Трамптың жыныстық байланысының масқарашылығы әшкере болды
https://itolqyn.com/news/world-i33877
Америкалық басылым: "Трамптың адвокаты 2016 жылғы президенттік сайлау қарсаңында порнографиялық фильмдердің актрисасына Трамппен жыныстық қатынасын жария етпеуі үшін 130 000 доллар берді" деп жазды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 13, 2018 20:50 Asia/Almaty
  • Трамптың жыныстық байланысының масқарашылығы әшкере болды

Америкалық басылым: "Трамптың адвокаты 2016 жылғы президенттік сайлау қарсаңында порнографиялық фильмдердің актрисасына Трамппен жыныстық қатынасын жария етпеуі үшін 130 000 доллар берді" деп жазды.

ИРНА-ның бүгін, сенбі күнгі мәліметіне сәйкес, Wall Street Journal басылымы осы хабарды жариялап: "Актрисаның адвокаты 2016 жылы Трамптың адвокатымен сөйлесіп, сол кезде Американың президенттігіне үміткер болған Дональд Трамппен жыныстық байланысы жасырын қалуы үшін беретін ақша туралы келіскен" деп жазды. Wall Street Journal басылымы хабардар дереккөздеріне сілтеме жасап, сол актрисаның Дональд Трамппен 2016 жылы жыныстық тұрғыдан байланыста болғанын мойындағанын жазды. Трамп өзінің зайыбы Мелания Трамппен 2005 жылы үйленген. Америка президенті президенттік бәсекелестік кезеңінде де әйелдер тарапынан жыныстық қатынаста болған деген көптеген айыптаулармен бетпе-бет келгенімен, оның барлығын теріске шығарды.