Макрон Нетаньяхуға «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасына құрметпен қарау қажеттігін ескертті
Елисей сарайы сенбі күні мәлімдеме жариялап, Франция Президенті Эммануэль Макронның сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы туралы телефон арқылы сұхбаттасқанын хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Елисей сарайы осы мәлімдемеде: «Франция Президенті сионистік режим Премьер‑министрінің «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасына өзгеріс енгізу туралы өтінішіне берген жауапта оны ядролық келісімге құрметпен қарауға шақырды.
Макрон Нетаньяхуға баршаның «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасына берік болуы қажеттігін баса айтты»,-деді.
Осы мәлімет бойынша, сионистік режимнің Премьер‑министрі телефон арқылы сұхбатта АҚШ Президенті Дональд Трамптың сөзін шынайы қабылдап, Иранмен ядролық келісімді сақтағысы келетіндердің оған өзгерістер енгізуі қажеттігін айтқан.
Беньямин Нетаньяху әрдайым АҚШ Президентіне жақтасып, «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасының баптарына өзгерістердің енгізілуін талап етіп келеді.