Әмир Абдоллаһиян Мәскеуге келді
Иран СІМ- нің араб және африкалық елдер ісі бойынша орынбасары аймақтағы маңызды мәселелер, әсіресе Сирия мәселесі туралы Ресей қайраткерлерімен кеңесу үшін Ресей астанасы Мәскеуге келді.
Сирия мәселесі Иран СІМ- нің араб және африкалық елдер ісі бойынша орынбасары Хосейн Әмир Абдоллаһиянның ресейлік тараппен кеңесуінің өзекті мәселесін құрайды. Екі тарап осы елдегі дағдарысты Женевадағы «сириялық-сириялық» келіссөздерге байланысты саяси жолмен шешу жөнінде кеңесіп, сұхбаттасады.
Иран СІМ-нің араб және африкалық елдер ісі бойынша орынбасары Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары әрі Ресей президентінің Таяу Шығыс ісі бойынша өкілі Михаил Богдановпен кездесіп, әңгімелеседі.
«Россия сегодня» ақпарат агенттігінде баспасөз конференциясына қатысу Әмир Абдоллаһиянның Мәскеу сапары бағдарламаларының келесі қатарын құрайды.
«Сириялық-сириялық» келіссөздер БҰҰ бас хатшысының өкілі Стаффан де Мистураның қадағалауымен 29- шы қаңтарда өтеді.