Сириядағы ИСИМ- ге қарсы америкалық коалиция жеңілді
https://itolqyn.com/news/world-i3400-Сириядағы_ИСИМ_ге_қарсы_америкалық_коалиция_жеңілді
БҰҰ- дағы Сирия өкілі "ИСИМ- ге қарсы америкалық коалиция табысқа жеткен жоқ, өйткені Сирия үкіметімен үйлесімді әрекет жасамады" деп мәлімдеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 29, 2016 21:33 Asia/Almaty
  • Сириядағы ИСИМ- ге қарсы америкалық коалиция жеңілді

БҰҰ- дағы Сирия өкілі "ИСИМ- ге қарсы америкалық коалиция табысқа жеткен жоқ, өйткені Сирия үкіметімен үйлесімді әрекет жасамады" деп мәлімдеді.

Женева бейбітшілік келіссөздері мен БҰҰ- дағы Сирияның өкілі Башар әл- Жафари: «Сирия лаңкестікке қарсы халықаралық коалицияға қатысуға дайын, бірақ Вашингтон Дамаскке қатысты шынайы болуы керек.

Сириядағы АҚШ жетекшілігіндегі халықаралық коалиция табысқа жеткен жоқ, өйткені олар Дамаск үкіметімен үйлесімділік жасамады. Ресей табысты болды, өйткені бұл ел Сирия үкіметімен үйлесімділікте әрекет етті» деді.

Бұдан бұрын Сирия президенті Башар Асад Тадмор тарихи және стратегиялық қаласының азат етілуінің Сирия армиясының лаңкестікке қарсы стратегиясының табысты болғанын көрсеткенін, бірақ 60 ел соған қосылған америкалық коалицияның лаңкестікпен күресте шынайы еместігін айтқан болатын.

Сирия қарулы күштерінің бас қолбасшылығы Хомстің шығыс жағындағы бөлімшелердің халықтық қарсыласу күштерінің көмегімен және Сирия армиясы әуе күшінің демеушілігімен жексенбі күні Тадмор қаласына қауіпсіздік пен тұрақтылықты қайтарғанын мәлімдеді.

Тадмор қаласы 2015 жылдың мамыр айында ИСИМ лаңкестері тарапынан жаулап алынған болатын.