Адам құқығын бақылаушы ұйым Мұхаммад бин Салманды жазалау қажеттігін қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i34049
Адам құқығын бақылаушы ұйымның (HRW) баспасөз хатшысы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен Сауд Арабиясының тақ мұрагерін Йеменде жасаған соғыс қылмыстары үшін заң тұрғысынан жауапқа тартып, жазалауды сұрады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 20, 2018 15:08 Asia/Almaty
  • Адам құқығын бақылаушы ұйым Мұхаммад бин Салманды жазалау қажеттігін қуаттады

Адам құқығын бақылаушы ұйымның (HRW) баспасөз хатшысы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен Сауд Арабиясының тақ мұрагерін Йеменде жасаған соғыс қылмыстары үшін заң тұрғысынан жауапқа тартып, жазалауды сұрады.

Mehr ақпарат агенттігінің ирактық Alsumaria News агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Адам құқығын бақылаушы ұйымның баспасөз хатшысы Ахмад бин Шамси жұма күні берген сұхбатында: "Мұхаммад бин Салман Сауд Арабиясының Қорғаныс министрі ретінде Йемен соғысы кезінде орын алып жатқан барлық әрекеттерге жауапты. Адам құқығын бақылаушы ұйым саудиялық коалицияның Йемендегі соғыс заңдарын бұзуының көптеген жайттарын анықтады",- деп баса айтты.

Адам құқығын бақылаушы ұйымның баспасөз хатшысы Мұхаммад бин Салманға қарсы санкция салып, оны жазалау шараларын жүзеге асыруды сұрады. Себебі, Сауд Арабиясының коалициясы апатты түрде халықаралық соғыс заңдарын бұзған.

Адам құқығын бақылаушы ұйымның баспасөз хатшысы Сауд Арабиясы коалициясы тарапынан Йеменді оқшаулауды Йемендегі адами дағдарыстың негізгі дәлелі деп атады.