CNN: Американың Федералды үкіметінің ведомстволары жұмысын тоқтатты
Трамптың Сенатта бюджеттің заң жобасын бекітудегі сәтсіздігінен кейін Америка үкіметі жұмысын тоқтатты.
CNN Дональд Трамп президенттігінің басталғанына бір жыл ғана болғанына қарамастан бұл елдің екі маңызды партиясы – республикашылдар мен демократтардың бюджет пен Федералды үкіметтің жұмысын тоқтату туралы келіспеушіліктеріне байланысты кикілжіңдер кезеңіне енгенін хабарлады.
Америка Сенатында 51 орынға ие республикашылдар жалпы 100 дауыстан заң жобасын бекіту үшін қажет 60 дауысты жинай алмауымен демократтарды бюджет туралы заң жобасына көндіре алмады. Олар кеше кешке өткен дауыс беруде тек 50 дауыс қана жинады. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс заң жобасына қарсыларды жауапсыздықпен айыптап: «Сенаттың демократ мүшелері саясаттан ұлттық қауіпсіздікті артық санады» деді.