Зариф: Басқаларды қауіпсіздіктен кенде ететін заман өткен
https://itolqyn.com/news/world-i34131-Зариф_Басқаларды_қауіпсіздіктен_кенде_ететін_заман_өткен
ИИР-ның Сыртқы Істер Министрі Financial Times газетіндегі мақаласында: «Басқаларды қауіпсіздіктен кенде ететін заман өткен. Енді қауіпсіздік желілерін құратын кез келді» деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 22, 2018 21:50 Asia/Almaty
  • Зариф: Басқаларды қауіпсіздіктен кенде ететін  заман өткен

ИИР-ның Сыртқы Істер Министрі Financial Times газетіндегі мақаласында: «Басқаларды қауіпсіздіктен кенде ететін заман өткен. Енді қауіпсіздік желілерін құратын кез келді» деді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Мохаммад Джавад Зариф Financial Times газетіндегі мақаласында: «Бүгінде бір аймақ елдерінің өздері үшін ерекше қауіпсіздік қалыптастырып, басқаларды сол қауіпсіздіктен кенде ету үшін бас қосатын заман аяқталған. Арнайы бір топ үшін, әсіресе Парсы Шығанағы жағалауы аймақтары сияқты аймақта қауіпсіздік қалыптастыру идеясы – болмайтын идея. Себебі, Парсы Шығанағы жағалауындағы елдер ортақ мүддеге ие. ДАИШ лаңкестік тобы адамдардың ішіндегі «Аһриманның»-қара күштің ең қараңғы қатпарларын көрсетті. Алайда, сол топ басқалардың бас қосып, бір қоқан-лоққымен күресуі үшін мүмкіндік қалыптастырды. ДАИШ тобымен соғыста қалыптасқан серіктестіктің сыйы жаңа кезеңнің бастамасы бола алады» деді.