Америкалықтардың жартысы Трампты қызба адам санайды
Жаңадан жүргізілген сауалнама нәтижелері Америка халқының жартысының ел президентін психикалық тұрғыдан қызба адам санайтынын көрсетті.
The Washington Post газеті мен BBC News хабар арнасының ортақ сауалнама нәтижелері Америка халқының 50 пайызының ел президенті Дональд Трампты психикалық тұрғыдан қызба адам санайтынын, 58 пайызының оның ел басқару тәсіліне наразы екендігін көрсетті.
Сауалнаманың нәтижелері Америка халқының 60 пайызының Мексикамен арада шекара дуалын салуға қарсылығын көрсетті.
Америка халқының 73 пайызы Трамп өзін «тұрақтылық кемеңгері» деп атағанына қарамастан, оның бойынан еш кемеңгерлікті байқамайтындықтарын айтқан.
Сауалнама қаңтар айының 15-18 күндері 10 000-нан астам америкалықтың қатысуымен өтті.
Трамп президенттігінің бір жылында оның қабылдауға келмейтін әрекеттері мен сөздері туралы көптеген мәлімет жарияланды. Тіпті, америкалық психологтар да оны президент болатындай психикалық біліктіліктен кенде деп атады.