"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы бойынша Еуропаны өкіндіретін нұсқалар
Еуропалық басшылардың күннен күнге Трамптың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын жыртып тастамайтындығына қатысты сенімдері артуда. Дегенмен, Брюссель мен Вашингтон "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы басқа идеяларды да қарастыруда.
АҚШ Президенті Дональд Трамп қаңтардың 12 күні Иранға қарсы ядролық санкциялардың күшін тоқтату туралы шешімінің мерзімін ұзартты. Бірақ, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы өз күшінде қалуы үшін оның кейбір баптарын өзгертуді, Иранның әскери нысандарын бақылау мүмкіндігіне ие болу мен Иранның зымырандық бағдарламасының алдын алуды шарт етіп қойып: "Егер Конгресс пен Еуропа бұл шартты орындамаса, АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығады",- деп мәлімдеді.
Кейбір ақпарат құралдары еуропалықтардың Трамптың қоқан-лоққысына жауап ретінде АҚШ Президентіне ұпай беріп, Иранға қарсы қысымдарды арттыру қажеттігін қарастыруда деп хабарлады. Бұл тақырып Иран басшыларының реакциясына тап болды.
Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Сейед Аббас Арақчи кейбір еуропалықтардың АҚШ-ты "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында қалдыру үшін Дональд Трампқа ұпай беру идеясын қате деп атап: "Бұл идея теріс нәтижеге соқтырады",- деді.
Германиялық "Шпигель" апталық басылымы соңғы нөмірінде Германияның Ұлыбритания және Франциямен бірге АҚШ-ты "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шықпауы үшін ризалығына ие болу мақсатында Иранға қарсы жаңа санкция салғаны туралы хабарлады. Сондай-ақ, Еуропаның кейбір басшылары Иранның зымырандық тақырыбы туралы баяндады.
Еуроодақтың Сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілі Федерика Могерини өткен жылдың қараша айында "The Washington Post" газетінде: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы қайтадан келіссөз жүргізу – Еуропаның қалауы емес. Еуроодақ АҚШ-пен бірге аймақтың жағдайы мен Иранның баллистикалық зымырандық бағдарламасына алаңдаушылық білдіруде",- деді. АҚШ-тың "Демократияны қорғау" институты да сараптамасында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты АҚШ-тың ықтималды жолдарын қарастырып: "Еуропалық инвесторлар үшін Иранға инвестиция салу осы уақытқа дейін шындықтан гөрі арман болды. Еуропалық банктер осы күнге дейін Иранмен қаржы байланысын орнатқысы келмейді. Еуропаның Иранмен сауда саласында ынтымақтастық жасауға қатысты қалауын азайту Ақ үй үшін ауыр жұмыс емес",- деп жазды.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи осыдан бұрын: "Еуропалықтар АҚШ үкіметінің әрекеттеріне, соның ішінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзуына қарсы тұрып, Иранның қорғаныстық күш-қуаты мен Иранның аймақтағы құзырына қатысты АҚШ-ның ұстанымын қолдамауы керек. Өйткені, біз еуропалықтардың АҚШ-тың зұлымдықтарын қолдауын қабылдамаймыз",- деп қуаттады.
Еуроодақ бір оқпен екі нысананы көздеу саясатын ұстанып, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы мен осы келісімдегі өздерінің экономикалық-саяси мүдделерін сақтап, АҚШ-қа қарсы шығудан аулақ болғысы келеді деген ой туады. Брюссель басшылары осы тұрғысында АҚШ үкіметіне өзінің ұсыныстарын тапсырмақ. Мұндай идея АҚШ-қа пара төлеу саналады. Сонымен қатар оның салдарлары болады.