БҰҰ: Иран босқындарға белгіленген мөлшерден артық қызмет көрсетіп отыр
БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссариатының Иранның Фарс облысындағы өкілдігінің басшысы: "ИИР босқындарға белгіленген мөлшерден артық қызмет көрсетіп, оларды қолдап отыр",-деді.
Александр Кишара Ширазда өткен "Ауғанстантану" атты форумда: "БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссариаты ИИР-мен босқындарға жақсырақ қызмет көрсету жолында әріптестік жасайтын болады",-деді.
БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссариатының Иранның Фарс облысындағы өкілдігінің басшысы осы комиссариаттың рөлін тек қолдау деп атап: «Босқындарға көмектесудегі басты рөлді ИИР атқарып отыр. Иран, Ауғанстан, Пәкістан мен БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссариаты арасында келісілген стратегия бойынша босқындарға білім беру, тәрбие, медициналық қызмет көрсету және емдеу, тұрмыста көмектесу салаларына ерекше назар аударылатын болды",-деді.
БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссариатының Иранның Фарс облысындағы өкілдігінің басшысы Иран үкіметі мен халқына босқындарға, әсіресе ауған мигранттарға қолдау көрсетіп отырғанына байланысты алғыс айтты.
Қазіргі таңда Иранда 2 млн-нан астам ауған өмір сүреді.