Эрдоған АҚШ-тың Африн әрекеттеріне қатысты талаптарына реакция білдірді
Түркия Президенті АҚШ басшыларының Сирияның солтүстігіндегі әрекеттерінің уақытын қысқарту талабына реакция білдіріп, америкалық әскерилердің Ауғанстан мен Иракта ұзақ мерзімге қалуын сынады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Реджеп Тайып Эрдоған сейсенбі күні АҚШ-тың Сирияның солтүстігіндегі Түркияның әрекеттерінің уақытын қысқарту талабына реакция білдіріп, АҚШ әскерилерінің Ауғанстан мен Иракта ұзақ мерзімге қалғанына сілтеме жасап: "АҚШ Ауғанстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сол елдегі лаңкестікпен күресті сылтауратып, әлемнің қоғамдық пікірін алдап, өз әскерилерін Ауғанстанда 17 жыл бойы орналастыруының себебі туралы жауап беруге міндетті. Өйткені, Аммериканың әскери құзыры Ауғанстанды одан бетер тынышсыздықтарға тіреді",- деді.
Түркия Президенті сондай-ақ, америкалық күштердің қауіпсіздікпен қамтамасыз етіп, лаңкестікпен күресуді сылтауратып, Иракта да ұзақ мерзімге қалуын сынап: "Сирияның солтүстігіндегі Түркияның әскери әрекеттері Түркия өз мақсатына жеткен кезде аяқталады",- деп баса айтты.