Қазақстанның Америка мен Еуропада бұғатталған 22 миллиард доллары босатылды
Қазақстанның Әділет министрлігі Америка мен Еуропадағы банктердегі осы елдің ұлттық банкі активтерінің босатылғанын хабарлады
«Fars» хабар агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Әділет министрлігі осы елдің Америка мен кейбір еуропалық елдердегі құны 22 миллиард долларды құрайтын бұғатталған активтерінің босатылғанын хабарлады.
Аймақтық Амстердам соты бұл үкімді Қазақстанның ұлттық банкінің шағымынан кейін шығарды.
Америка соты Қазақстанның 22 млрд долларлық активін сот үдерісінен кейін бұғаттаған болатын. 22 млрд доллар Қазақстаннның жалпы ішкі өнімінің 17 пайызын құрайды. Мұнай саудасынан түскен бұғатталған ақша Қазақстанның ұлттық қорына тиесілі.
Вашингтон соты Молдова бизнесмені Анатоли Статидің арызы туралы сот үдерісінің нәтижесінде Қазақстанның активін бұғаттауға шешім қабылдады. Молдовалық бизнесмен Қазақстанның мұнай-газ саласына инвестиция салған болатын. Ол Қазақстан үкіметі оны өзінің активтерін арзан бағаға сатуға мәжбүрледі деген уәж айтты. Астана мұндай уәждерді теріске шығарды.