Нетаньяху: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қазіргі күйінде қабылдау мүмкін емес
(last modified Thu, 25 Jan 2018 10:36:19 GMT )
Қаң 25, 2018 16:36 Asia/Almaty
  • Нетаньяху: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қазіргі күйінде қабылдау мүмкін емес

Сионистік режимнің Премьер-министрі сәрсенбі күні Швейцарияның Давос қаласында Франция Президенті Эммануэль Макронмен кездесуінде: ««Ортақ қадам» жан жақты бағдарламасын қазіргі күйінде қабылдау мүмкін емес. Өйткені, бұл бірнеше жылдан кейін Иранның ядролық қаруға ие болуына жеткізеді»,-деген уәж айтты.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бениямин Нетаньяху осы кездесуден кейін тілшілерге берген сұхбатында: «Қазіргі таңда жалғыз таңдау жолы – Иранның ядролық қаруға қол жеткізуінің алдын алу үшін «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасына сырттай және шынайы өзгеріс енгізу»,-деді.

Сионистік режимнің Премьер-министрі сәрсенбі күні Давос қаласында Дүниежүзілік экономикалық ассамблеяның жыл сайынғы саммиты аясында Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесіп, сұхбаттасты.

Нетаньяху Германия мен басқа елдерден «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы шара қолдануды сұрады.

Алайда Меркель Берлиннің Израильдің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатынасымен келіспейтінін қуаттады.

Сионистік режимнің Премьер-министрі осыдан бұрын  талай рет АҚШ Президенті Дональд Трампқа жақтасып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына түзету енгізуді немесе мүмкін жағдайда оның күшін жоюды талап еткен болатын.