Ердоған Трамптан аймақтағы лаңкестік топтарға қолдау көрсетуді доғаруды сұрады
(last modified Thu, 25 Jan 2018 10:43:05 GMT )
Қаң 25, 2018 16:43 Asia/Almaty
  • Ердоған Трамптан аймақтағы лаңкестік топтарға қолдау көрсетуді доғаруды сұрады

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сұхбаттасып, оны аймақтағы лаңкестік топтарға қолдау көрсетуді доғарып, қару-жарақпен қамтамасыз етуден бас тартуға шақырды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Түркия Президентінің кеңсесі тарапынан таратылған мәлімдемеде осы сұхбаттың басты күн тәртібінің Түркия армиясының Африн аймағындағы «Зейтүн бұтағы» деп аталатын әскери амалы және Сирияға қатысты мәселелер болғаны хабарланған.

Ердоған бұл сұхбатта Түркияның Африн аймағын лаңкестік топтардан тазарту арқылы өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейтінін қуаттады.

Ердоған, сондай-ақ, телефон арқылы сұхбатта лаңкестікпен күрес аясында АҚШ-тың «Сирия  халықтық демократиялық одағы партиясы» мен «Сирияның ұлттық мүдде бөлімшелері» деп аталатын лаңкестік топтарды қару‑жарақпен қамтамасыз етуді тоқтату қажеттігін айтты.

Ол осы сұхбатта Түркияның Африндағы амалдарын халықаралық құқықтарға, БҰҰ Жарғысының 51-бабы негізінде өзін заңды түрде қорғау құқығы мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің лаңкестікпен күрес жайлы нұсқауына сай деп атады.