Еуропалықтар Ресейге санкция салуға қарсы
Жақында жүргізілген сауалнама нәтижелері Франция, Германия, Ұлыбритания мен Польша халықтарының Американың Ресейге жаңадан салған санкцияларына қарсы екенін көрсетті.
Ifop институтының Ұлыбритания мен Германия, Франция және Польша халықтарынан 3228 адамның арасында жүргізген сауалнама нәтижелері Ресейдің газ жобасына қатысатын серіктес еуропалық елдерге қарсы Американың санкцияларын қабылдауға келмейді деп, оны Еуропа Одағымен қатынас жасаудың тиімсіз құралы деп атады.
Американың Ресейге салған санкцияларына сәйкес, Ресейдің газ жобаларында жұмыс істейтін еуропалық компаниялар қаржылай және экономикалық санкцияларға ұшырайды.
Еуропа одағына мүше елдер Америка президенті Дональд Трамп қол қойған энергетика нарығы мен еуропалық компанияларды нысанаға алған санкцияны айыптады.
Америка 2014 жылдан бері Мәскеуді «Украинаның шығысындағы қақтығыстарға араласты және сол елдің үкіметіне қарсыларға көмектесті» деп айыптап, Ресейге экономикалық және қаржы саласында санкция салып келеді. Оның әрекеті Мәскеудің қарымта шарасымен бетпе-бет келді.