АҚШ Ресейге қарсы тағы санкция салды
(last modified Sat, 27 Jan 2018 11:31:49 GMT )
Қаң 27, 2018 17:31 Asia/Almaty
  • АҚШ Ресейге қарсы тағы санкция салды

АҚШ-тың Қаржы министрлігі Ресейдің бірнеше лауазымды тұлғасы мен компаниясына санкция салды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ-тың Қаржы министрлігі жұма күнгі шарасында Ресейдің 21 лауазымды тұлғасы мен 9 компаниясын Ресейге қарсы санкциялар тізіміне қосты.

АҚШ Ресей осы лауазымды тұлғалар мен компаниялардың бірқатарын Германияның SIEMENS компаниясы шығарған газ турбиналарын Қырым түбегіне тасымалдады деп айыптады.

Ресейдің Энергетика министрінің орынбасары Андрей Черезов – АҚШ-тың санкциялар тізіміне іліккен тұлғалардың бірі.

Кремльдің ақпарат өкілі Дмитрий Песков АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкцияларына реакциясында: "Ресей үкіметі АҚШ-тың санкциялары мен  оның жаңа санкциялар тізімінің жариялануына төтеп беру үшін тиісті шара қолданады",-деді.