Сириялық қарсыластар Сочи саммитіне бойкот жариялады
Сириялық қарсыластар Ресейдің Сочи қаласында өткізу жоспарланған Сирияның ұлттық сұхбаттары саммитына бойкот жариялады.
Иран Телерадио ұйымының хабарлауы бойынша Сирия қарсыластарының негізгі топтарының өкілі ретіндегі Сирия келіссөздерінің комитеті осы комитеттің Мәскеу тарапынан Ресейдің Сочи қаласында қаңтардың 29-30 күндері өтетін Сирия ұлттық сұхбаттары саммитына қатысу үшін шақырылғанын айтып, сириялық қарсыластардың оған қатыспайтынын мәлімдеді.
Ресей президентінің Таяу Шығыс істері бойынша өкілі Александр Лаврентьевтің айтуы бойынша Сочи саммиті Сирия дағдарысын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2254 жарғысына сәйкес шешу үдерісіне жаңа серпін сыйлап, Женевада БҰҰ-ның бақылауымен өтіп жатқан «сириялық-сириялық» келіссөздеріне көмектеседі.