Асад: Сирия Иран мен Ресейдің көмегімен лаңкестікпен күресті жалғастырады
Сирия Президенті осы ел күштерінің лаңкестікпен күресте жеңіске жеткеніне тоқталып: «Сирия халқы дос елдердің, солардың басында тұрған ИИР мен Ресейдің әріптестігімен лаңкестікпен күресті жалғастырады»,-деді.
Сирияның SANA ресми ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сирия Президенті Башар Асад сенбі күні Дамаскта Иран Сыртқы Істер Министрінің арнайы саяси істер жөніндегі көмекшісі әрі ИИР-ның Астана келіссөздеріндегі аға келісімгері Хосейн Джабер Ансаримен кездесуде лаңкестікпен күресті жалғастырудың Сирия дағдарысын бейбіт жолмен шешуге жағдай жасайтынын айтып: «Иран үкіметі мен халқы әсіресе лаңкестікпен күресте және Сирияға тұрақтылықты қайтарып, оны қайта қалпына келтіруде осы елдің халқын қолдауды жалғастырады»,-деп қуаттады.
Башар Асад пен Хосейн Джабер Ансари, сондай-ақ, Иран мен Сирияның стратегиялық қарым-қатынасы мен екі елдің осы байланысты әртүрлі салаларда нығайтуына ынта білдіріп, әсіресе лаңкестікпен күрес және Ресейдің Сочи қаласындағы «Сирияның ұлттық диалогы» отырысын сәтті өткізуге талпыныс жасау керектігі жайлы кеңесті.
«Сирияның ұлттық диалогы» отырысы 29-30 қаңтарда Ресейдің Сочи қаласында өтеді.