Иранның Үндістанға мұнай экспорты ұлғайды
(last modified Wed, 30 Mar 2016 14:05:07 GMT )
Нау 30, 2016 20:05 Asia/Almaty
  • Иранның Үндістанға мұнай экспорты ұлғайды

Иранның Үндістанға шикі мұнай экспорты 2015 жылдың ақпан айымен салыстырғанда 86 пайызға ұлғайды.

Иран сондай- ақ Үндістанның импорттайтын мұнайының 63 пайызын қамтамасыз етіп, қаңтар айында осы елге мұнай экспорттаушы елдер бойынша 6- шы орынға шықты. Санкция жылдары Үндістан Иран мұнайының шамамен 20 пайызын (орта есеппен күніне 200 мың баррель) экспорттап, Иран мұнайын сатып алушы екінші ел болды. Үндістанның мұнай өңдеу кәсіпорындары «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасы күшіне енгізілген соң Ираннан мұнай импорттауға ынта танытты.