БҰҰ Бас хатшысының Ирак істері жөніндегі арнайы өкілі Иран Сыртқы істер министрімен кездесті
(last modified Mon, 29 Jan 2018 07:43:03 GMT )
Қаң 29, 2018 13:43 Asia/Almaty
  • БҰҰ Бас хатшысының Ирак істері жөніндегі арнайы өкілі Иран Сыртқы істер министрімен кездесті

Иран Сыртқы істер министрі мен БҰҰ Бас хатшысының Ирак істері жөніндегі арнайы өкілі Ирактағы саяси жағдай туралы пікір алмасты.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен БҰҰ Бас хатшысының Ирак істері жөніндегі арнайы өкілі Ян Кубиштің кездесуінде Ирактың жағдайы мен тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің маңыздылығы, ДАИШ-тың қалған лаңкестерімен күресу қажеттігі, парламенттік сайлау өткізу  және елдің барлық саяси топтары мен партияларының сайлауға қатысуы туралы пікір алмасты.
БҰҰ Бас хатшысының Ирак істері жөніндегі арнайы өкілі Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Велаятимен кездесуден кейін журналистердің алдында Ирак үкіметінің аймақ тұрақтылығы мен қауіпсіздігін арттырудағы рөлін арттыратындығына үміт білдірді.
 

 

 

 

Тегтер