Ресей БҰҰ-да Иранға қарсы ешқандай істің жоғын растады
(last modified Thu, 01 Feb 2018 09:13:18 GMT )
Ақп 01, 2018 15:13 Asia/Almaty
  • Ресей БҰҰ-да Иранға қарсы ешқандай істің жоғын растады

Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі БҰҰ-да Иранға қарсы ешқандай істің жоқ екенін растады.

France Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Василий Небензя сәрсенбі күні АҚШ-тың Йеменнің Иран тарапынан зымырандармен қамтамасыз етіліп жатқаны туралы уәждеріне реакциясында: "БҰҰ-да Иранға қарсы ешқандай іс жоқ. Йемен күштерінің қазіргі қару-жарақтары бұрынғы жылдары алынған",-деді. 

Небензя Иранның Йеменге қару-жарақ жібергенін теріске шығарып отырғанын айтып: "Әли Абдулла Салех Президент болған кезде көптеген елдер Йеменнің қару-жарақ нарығы үшін бәсекеге түсетін",-деді.

Өткен қараша айында Йемен армиясының зымырандық бөлімшесі Сауд Арабиясының астанасы эр-Риядтың айналасындағы Малек Халед әуежайына ұзақ қашықтыққа арналған баллистикалық зымыранды сәтті атқанын хабарлады.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Никки Хейли бірнеше күн бұрын бұл зымыранды Иранмен байланыстырып, Қауіпсіздік кеңесіндегі өзінің  әріптестерін осы зымыранның қалдығын зерттеу үшін Вашингтонға іссапармен келуге шақырды.