Исмаил Хания АҚШ-тың санкцияларының тізіміне ілікті
(last modified Thu, 01 Feb 2018 09:45:54 GMT )
Ақп 01, 2018 15:45 Asia/Almaty
  •  Исмаил Хания АҚШ-тың санкцияларының тізіміне ілікті

АҚШ-тың Қаржы министрлігі Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың саяси кеңсесінің басшысын санкцияларының тізіміне енгізді.

Al-Mayadeen телеарнасының хабарлауы бойынша, АҚШ-тың Қаржы министрлігі сәрсенбі күні  Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Ханияны лаңкестік әрекет жасады деп айыптап, оны АҚШ-тың санкцияларының тізіміне енгізді.

Осы мәлімет бойынша, АҚШ-тың санкциялар тізіміне енгізілген топтардың бірі – "әс-Саберин" қозғалысы. Ол Газа секторындағы белсенді палестиналық қарсыласу топтарының бірі саналады.

"Мұсылман бауырлар" партиясына жақын болып, Мысырда белсенділік танытып отырған "Сауаед" және "Лева ус-суре" атты екі қозғалысты да АҚШ жариялаған санкциялар тізімінен көруге болады.

Осындай жағдайда АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон бір мәлімдемеде осы елдің Қаржы министрлігінің бұл шарасына қатысты: "Газа секторын бақылауда ұстап отырған ХАМАС саяси кеңсесінің басшысы Таяу Шығыстың тұрақтылығына қатер төндіріп, Израильмен бейбіт үдерістің бұзылуына себеп болып отыр",-деген уәж айтты.