Сирияда лаңкестердің тас-талқанының шығуы ресейлік қару-жарақтардың әсерлі болғанын дәлелдеді
РФ Президенті Владимир Путин: "Сирияда лаңкестердің тас-талқанының шығуы бүкіл әлемге ресейлік қару-жарақтардың әсерлі әрі сенімді екенін дәлелдеді",-деп қуаттады.
"Тасним" ақпарат агенттігінің "Новости" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, РФ Президенті Владимир Путин «Сириядағы арнайы әскери амалдардың жетістіктері» атты көрмең аясында өткен әскери-практикалық конференцияда сөйлеген сөзінде Ресей армиясын әлемдегі ең жақсы жарақталған армиялардың бірі деп атап, кейбір қару-жарақ кешендеріне қатысты бұл елдің тіпті бәсекелесінің жоғын айтып: "Ресей Қорғаныс министрінің мәліметтері бойынша, Сириядағы әскери амалдарда Ресей қару-жарақтарының 215 түрі қолданылды. Олардың барлығының өте нақты болғаны және жоғары технологияға негізделгені расталды",-деді.
Ресей 2015 жылдың қыркүйек айының аяғынан бастап Сириямен лаңкестікпен күрес саласындағы әріптестік аясында Хмеймимде орналасқан өзінің әуе-ғарыш бөлімшелері мен теңіздегі бірліктерін және құрлықаралық бомбалаушы ұшақтарын ДАИШ пен ән-Носрат лаңкестерінің позицияларын бомбалауға пайдаланды.