Ресей өз азаматтарына АҚШ-тың бұйрығымен қамауға алыну ықтималдығы туралы ескертті
Ресей Сыртқы істер министрлігі бұдан бұрын жасаған ескертулеріне тоқталып, ресейлік азаматтардың АҚШ қауіпсіздік ұйымдарының бұйрығымен басқа елдерде қамауға алыну ықтималы туралы хабарлады.
Ресей Сыртқы істер министрлігі бейсенбі күні мәлімдеме жариялап: "1999 жылғы екіжақты құқықтық көмектер туралы келісімдер бойынша, АҚШ ұйымдарынан Ресеймен ынтымақтастық жасау туралы талаптарымызға қарамастан АҚШ-тың қауіпсіздік ұйымдары әлемнің түкпір-түкпірінде ресейлік азаматтардың соңдарына түсуді жалғастыруда",- деді. Бұл мәлімдеме бойынша тек 2017 жылы АҚШ-тың бұйрығымен оннан астам ресейлік азамат әртүрлі елдерден ұрланып, АҚШ-қа жеткізілді. Ресейлік азаматтар АҚШ-қа жеткізілген соң сол мемлекет сотының дұшпандығымен бетпе-бет келіп, әртүрлі азап-қорлықтар арқылы оларға тағылған айыптарды мойындатады. Егер ресейлік азаматтар айыптарды қабылдамаса, ұзақ уақытқа қамауға алынады.