Америкалық университеттің сауалнамасы Иран халқының жүйені өзгертуді қолдамайтынын көрсетті
https://itolqyn.com/news/world-i34499-Америкалық_университеттің_сауалнамасы_Иран_халқының_жүйені_өзгертуді_қолдамайтынын_көрсетті
Мэриленд университеті мен IranPoll орталығы жүргізген сауалнама нәтижелері Иран халқының көпшілігінің тұрмыс-тіршілікке байланысты талаптарға ие болуына қарамастан, Ислам республикасы жүйесінің құрылымы мен оның барлық саясаттарына қолдау танытатындықтарын көрсетті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 03, 2018 21:56 Asia/Almaty
  • Америкалық университеттің сауалнамасы Иран халқының жүйені өзгертуді  қолдамайтынын көрсетті

Мэриленд университеті мен IranPoll орталығы жүргізген сауалнама нәтижелері Иран халқының көпшілігінің тұрмыс-тіршілікке байланысты талаптарға ие болуына қарамастан, Ислам республикасы жүйесінің құрылымы мен оның барлық саясаттарына қолдау танытатындықтарын көрсетті.

The Washington Post газетінің жазуы бойынша Мэриленд университеті мен IranPoll орталығы жүргізген ортақ сауалнаманың жұма күні жарияланған нәтижелеріне сәйкес, Иранның саяси жүйесін өзгерту тақырыбын Иран халқы қолдамайды. Сонымен қатар Иранның Сирия мен Ирактағы сыртқы саясаттарын сынау да жалпыхалықтық қолдаудан кенде.

Сауалнамаға қатысушылар сондай-ақ, Америка президенті Дональд Трамп пен осы елдің басқа басшыларының қолдауларының наразылардың талап-тілектеріне көмектеспегенін айтқан.

Қатысушылардан Америка үкіметі туралы пікірлерін білдіруді сұрағанда ирандықтардың 85 пайызы оны өте жағымсыз деп атаса, тек бір пайызы ғана өте жақсы деп сипаттаған. Сауалнаманың нәтижелері бойынша Иран халқының 54 пайызы қазіргі жүйенің өзгеруіне қатаң қарсы екендіктерін мәлімдеген.