Никос Анастасиадис екінші рет Кипр президенті болып сайланды
(last modified Mon, 05 Feb 2018 08:48:23 GMT )
Ақп 05, 2018 14:48 Asia/Almaty
  • Никос Анастасиадис екінші рет Кипр президенті болып сайланды

Кипрдың қазіргі президенті Никос Анастасиадис жексенбі күні осы ел президенттігіне сайлаудың екінші кезеңінде жеңіске жетті.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Никос Анастасиадис Кипр президенттігіне сайлаудың екінші кезеңінде Коммунистік партиядан шыққан бәсекелесі Ставрос Маластан басым түсті.

Анастасиадис Кипр президенті сайлауының екінші кезеңінде 56 пайыз дауыс жинаса, Ставрос Малас 44 пайыз дауысқа ие болды.

Осы мәліметке сәйкес, Кипр президенті сайлауының алғашқы кезеңі қаңтардың жиырма сегізі күні өткізіліп, Никос Анастасиадис 35,  Ставрос Малас 30 пайыз дауыс жинаған болатын.