АҚШ, Сауд Арабиясы мен Израиль Ираннан қорқыту кеңістігін қалыптастыруға күш салып жатыр
Ақ үй соңғы айларда Ираннан үркіту жобалары қалыбында Иранды экономикалық және қорғаныстық маңызды салалар бойынша қыспаққа алуға талпыныс жасады.
АҚШ бұл мақсатына жету үшін Сауд Арабиясы және Израильмен ынтымақтастық жасау арқылы аймақтық деңгейдегі арандатушы әрекеттерін бастады.
2017 жылы қазанның он үші күні АҚШ-тың осы саладағы стратегиясы Теһранға қарсы дұшпандық уәждерге негізделіп әзірленіп, қауіпсіздік тұрғысынан Иран тарапынан төнген қатерлер деп аталған іс-шаралардың жиынтығы күн тәртібіне енгізілді.
"Ортақ қадам" бағдарламасын бұзу, жаңа санкцияларды күшіне енгізу мен Иранның зымырандық әлеуетіне қатер төндіру АҚШ-тың Иранға қарсы стратегиясын құрайтын үш негізгі тірек саналады.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми сенбі күні Ислам республикасының ұлттық мүдделерді қорғау мен Иранның ұлттық қауіпсіздігін қорғау жөніндегі даусыз құқығын тағы қуаттап: "Иран бар күш-қуатымен өзіне қажет әсіресе зымырандық әлеуеті саласындағы қорғаныстық бағдарламалары, мақсаттары мен стратегияларын одан әрі қадағалайды",- деді.
Трамп үкіметі бұл стратегия барысында көптеген қателік жіберді. Бірақ, соған қарамастан әлі де осы жобаны жалғастыруда табандылық танытып отыр. АҚШ президенті өзінің шайтандық мақсаттарына жету үшін АҚШ, Израиль және Сауд Арабиясы арасындағы ынтымақтастық бұрышын Ирандағы бүлдіргі әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында құрды.
Ресейдің Таяу Шығыс істері жөніндегі сарапшысы Владимир Сажин: "АҚШ дәл қазір Израиль мен Сауд Арабиясы тарапынан күшейтіліп жатқан Ираннан үркіту ісіне кірісіп отыр",- деді.
АҚШ бұл салада өз мақсатына жету үшін кез келген іске баруға дайын. АҚШ жуырдағы әрекетінде Палестина исламдық қарсыласу қозғалысы (ХАМАС) саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Ханиені өзінің лаңкестік тізіміне қосты.
АҚШ-тың «лаңкестік» деп аталатын тізімі шын мәнінде АҚШ-тың қатыгез әрі адамзат баласына қарсы саясаттарына қарсы тараптардың, сионистік басқыншылар мен олардың қылмыстық әрекеттеріне қарсы күрескерлердің тізімі саналады.
Осыған ұқсас әрекеттер Сауд Арабиясы тарапынан қайта жаңғыртылуда.
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Адел әл-Джубейр бұл күндері Еуропаға сапармен аттанып, көбірек ақша беру арқылы кейбір Еуропа елдерін Иранға қарсы қатаң позициялар ұстануға ынталандыруға талпыныс жасап жатыр.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф біраз уақыт бұрын Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Трамп пен оның сыбайластарының насихаттық дабылдары жасанды ақиқаттарды жеткізіп, Сауд Арабиясының үгіт-насихат ойынын жүргізуіне қарамастан, олардың ешқайсысы бар шындықтарды өзгерте алмайды",-деп жазды.
Шынтуайтында, АҚШ, Сауд Арабиясы мен Израиль қазір тығырыққа тіреліп отыр.
Халықаралық мәселелер жөніндегі сарапшы Садеқ Кушаки бұл жайында былай дейді: "Сионистік режиммен қатынас орнату саудиялық басшыларды ислам әлемінде жалғыз қалдырып, оқшауландырады. Сауд Арабиясының тек Иранмен ғана ісі болып отырған жоқ. Саудиялықтар онымен қоса Ирак, Түркия және Катар секілді аймақтың басқа елдерімен де ақылға қонымды қатынас орната алмады».
АҚШ, Сауд Арабиясы және Израиль халықаралық сахнада Иранды қауіп-қатердің қайнар көзі ретінде таныстыру үшін күштерін аямай, талпыныс жасап отыр. Алайда, аймақ пен әлем халықтары енді Сауд Арабиясының басқаруындағы АҚШ-тың қолдауына ие араб коалициясының Батыс елдері берген тыйым салынған қару-жарақтарды пайдаланып, қазірге дейін қалайша мыңдаған йемендік әйел мен баланы өлтіріп, 7 миллионнан астам адамды босқынға айналдырғанын жақсы біледі.