Макрон Дамасктің химиялық қару пайдаланғаны дәлелденсе, Сирияға шабуыл жасайтынын мәлімдеді
Франция Президенті сейсенбі күні егер Сирия үкіметінің химиялық қару пайдаланғаны дәлелденсе, бұл елге қарсы әскери әрекет жасайтынын мәлімдеді.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Эмануэль Макрон Париждің Сирия үкіметінің химиялық қару қолданғанын дәлелдейтін мәлімет таппағанын мойындады.
Францияның Қорғаныс министрі Флоранс Парли өткен жұма күні «France Inter" радиосына берген сұхбатында осы уақытқа дейін Дамасктің химиялық қару қолданғаны туралы құжат таппағанын айтты.
АҚШ пен одақтастары сан рет Сириядағы химиялық шабуылды, атап айтқанда 2017 жылдың сәуір айының 4 күнгі 100-ден астам адамның өліміне себеп болған Хан-Шейхун аймағындағы химиялық шабуылды Сирия үкіметінің мойнына артпақ. Бірақ Дамаск сан рет бұл айыптарды теріске шығарды.
Ресей Сыртқы істер министрлігі де сан рет АҚШ пен одақтастарының Сирия үкіметін химиялық қаруды пайдаланды деп айыптауының мақсатын лаңкестерді құтқару деп атаған болатын.