Зариф: Иран – аймақтағы ең қауіпсіз ел
(last modified Sat, 17 Feb 2018 12:30:03 GMT )
Ақп 17, 2018 18:30 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран – аймақтағы ең қауіпсіз ел

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф: "Халықаралық қысымдарға қарамастан ИИР аймақтың ең қауіпсіз әрі ең қуатты елі саналады",- деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні кешке Нью-Делиде тұратын ирандықтардың алдында бірнеше жыл бұрын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің барлық мүшелерінің ИИР-ға қарсы санкциялар жариялап, шешімдер қабылдағанына тоқталып: "Иран өткен 40 жыл ішінде алпауыт елдердің ең ауыр санкциялары мен қысымына ұшырады. Бірақ әрдайым халықтың қуатына иек артудың арқасында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінде ИИР халықтың қолдауының арқасында халықаралық сахнада белсенді, ықпалды әрі сындарлы рөлге ие болды",- деді.

Иран СІМ сондай-ақ Нью-Делиде тұратын ирандықтардың алдында сөйлеген сөзінде барша жауапты тұлғаларды Иран халқының қызметшілері деп атап: "Ғылыми, экономикалық жетістіктер, халықаралық салалар мен сахналардағы табыстар халықтың жанпидалығына қарыздар. Сондықтан жауапты тұлғалар халыққа қызмет ету үшін көбірек талпыныс жасауы тиіс",- деді.