Иран мен Үндістан қатынасында жаңа кезең басталды
Сенбі күні таңертең Үндістан президенті мен премьер-министрі Үндістанда ИИР президентін ресми түрде қарсы алды.
Өткен бейсенбі күні басталған үш күндік сапар барысында екі ел басшыларының арасында маңызды сұхбаттар өтті. Сұхбаттардың нәтижесінде екі ел арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі 15 меморандум мен келісімге қол қойылды. Жасалған келісімдер мен жоғары деңгейдегі ауқымды келіссөздер екіжақты және аймақтық қажеттіліктер мен мүдделерге байланысты Теһран мен Нью-Делидің екі ел арасындағы қатынастарға қатысты ұзақ мерзімді көзқарасының белгісі саналады.
Сарапшылардың пікірінше, Үндістан даму жолында қадам басып келеді. Осы үдерісті одан әрі жалғастыру үшін шындықтарға негізделген ынтымақтастық мүмкіндіктерін пайдалануға мүдделі.
Университет профессоры әрі халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Ноузар Шафии: "Үндістан – әлемнің төртінші дамушы елі. Бұл ел шетелдік инвестицияларды тарту бойынша әлемнің алғашқы бестігіне кіреді. Үндістан тәуелсіздігін алғаннан кейін бұл елде идеализм көзқарасының басым болғанын байқасақ, қазір шындықтарға негізделген реализм мен прагматизм көзқарасына куә болып отырмыз",- деді.
Иран мен Үндістан қатынастары өткен жылдары аймақтық және аймақтан тыс факторлардың ықпалында болғандықтан әлеуеттеріне сәйкес жылдам әрекет ете алмады. Мұндай ықпалға душар болуын Иран газын Үндістанға Пәкістан арқылы тарту жөніндегі "Бейбітшілік желісі" атты энергетика мен құбыр тарту саласынан байқауға болады. Қазіргі таңда Үндістан "Бейбітшілік желісі" құбырын тарту ісінде екі қиындыққа тап болып отыр: бірі – Пәкістан, екіншісі – америкалықтар. Алайда, шындығында, Үндістан сенімді энергетика ресурстарын қажет етеді. Үндістан өз экономикасын ілгерілету үшін энергияны, ал өз өнімдерін экспорттау үшін «Солтүстік-оңтүстік» дәлізін қажет етеді. Сонымен қатар Үндістан парсы тілімен тамыры бір ел саналады. Бұл Иран мен Үндістан қатынастарындағы қолайлы мұрсат болып табылады. Осыған байланысты Иранның TAPI құбыр желісі секілді алмастырушы таңдаулары Түркіменстан, Ауғанстан, Пәкістанды қамтитын төрт жақты серіктестікті қажет етеді. Бұл істі жүзеге асыру оңай емес. Сонымен қатар, Үндістан мен Пәкістан қатынастарындағы біршама қиындықты да назарға алған жөн. Бұл Иранның өзінің стратегиялық орнымен энергетикамен қамтамасыз етуімен қоса, осы істен барлық елдер, атап айтқанда Үндістан үшін пайдасын тигізетін аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің орнауына себеп бола алады. Иран лаңкестікпен күрес мәселесінде де өзінің әсерлі рөлін дәлелдеді. Сондықтан, Иран мен Үндістан қатынастарының маңызын қатынастары стретегиялық тұрғыдан тереңде жатқан аймақтың екі тәуелсіз мемлекетінің шеңберінен байқауға болады. Иран мен Үндістан арасындағы транзиттік саладағы келісім, Үндістанның Чабахар айлағы әлеуеттерін пайдалану саласына инвестиция салуы екі ел қатынастарының стратегиялық деңгейге көтерілгенінің белгілерінің бірі саналады.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Али Шамханидың пайымдауынша, кейде екі ел бір-бірінен алыс болғанымен, ортақ тағдырға ие болуы мүмкін. Сондықтан алыс болған күйде олардың бір-бірімен байланыста болуынан басқа амалы жоқ.