Иран Сыртқы істер министрі Мюнхенде Армения және Грузия Сыртқы істер министрлерімен кездесті
Иран мен Армения Сыртқы істер министрлері кездесіп, екіжақты мәселелер туралы пікір алмасты.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Армения Сыртқы істер министрі Эдуард Налбандян Мюнхендегі Қауіпсіздік конференциясы аясында екіжақты және басқа мәселелер туралы пікір алмасты.
Иран Сыртқы істер министрі Грузия Сыртқы істер министрі Михаил Джанелидземен де кездесіп, екіжақты мәселелер туралы сөйлесті.
Иран Сыртқы істер министрі жексенбі күні таңертең Мюнхендегі 54-ші қауіпсіздік конференциясына қатысу үшін Германияның оңтүстігіндегі Мюнхенге келді. Зариф бүгін Теһран уақыты бойынша түстен кейін Мюнхендегі Қауіпсіздік конференциясында сөз сөйлеп, Иранның әсіресе аймақ пен әлемнің қауіпсіздігіне қатысты ең маңызды тақырыптарына тоқталды. Зариф Мюнхендегі Қауіпсіздік конференциясында сөз сөйлеуімен бірге конференцияға қатысып отырған басқа кейбір елдердің басшыларымен де кездесіп, сөйлесті.
Мюнхендегі 54-ші Қауіпсіздік конференциясы ақпанның 16 күні Мюнхен қаласының Bayerischerhof мейманханасында басталып, ақпанның 18 дейін жалғасады.