Илхам Әлиев Арменияны айыптады
Ақп 20, 2018 19:09 Asia/Almaty
Әзірбайжан Президенті Арменияны Қарабақ мәселесін шешуге кедергі келтіретін ұстанымы үшін айыптады.
Әзірбайжан Президенті Илхам Әлиев Еуроодақтың Кавказ аймағы істері жөніндегі арнайы өкілі Тоиво Клаармен Бакудегі кездесуінде: "Арменияның сындарсыз ұстанымы Қарабақ мәселесін шешуге қатысты келіссөздердің ілгерлеуіне кедергі болуда",- деді.
Әзірбайжан Президенті сонымен бірге Арменияны Қарабақ аймағындағы елдің тарихи, діни және ұлттық мұраларын жоюымен айыптап: "Дағдарысты жылдам шешу үшін Армения күштері Әзірбайжанның жерінен шығуы керек",- деді.
Қарабақ мәселесі 1988-ші жылы Арменияның Әзірбайжанға қарсы территориялық талаптарын білдіруден кейін басталды.
Тегтер