Нетаньяху БҰҰ-дағы Махмуд Аббастың сөзіне реакция білдірді
Сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху Палестина Автономиялық құрылымының басшысы Махмуд Аббастың сейсенбі күнгі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Палестина туралы отырысындағы сөзіне реакция білдіріп, миллиондаған долларларды палестиналық шәһидтердің отбасыларына төлегені туралы уәж айтты.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Бениямин Нетаньяху Палестина Автономиялық құрылымының басшысы бітім үдерісінің нәтижесіз болуы мен кейбір елдердің, соның ішінде АҚШ пен Ұлыбританияның сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы қылмыстарына қатысты болуын айыптап: "Махмуд Аббастың сөзінде жаңа еш нәрсе болған жоқ",- деді.
Палестина Автономиялық құрылымының басшысы сейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Палестина туралы отырысында АҚШ пен Ұлыбританияның палестиналықтарға қарсы саясаттарын айыптап: "Ұлыбритания Бальфур декларациясымен Палестина халқының басына түскен барлық қиындыққа жауапты",- деді.
Бальфур декларациясы 1917 жылдың қараша айының 2 күні Англия үкіметінің қолдауының аясында Палестина халқының жерінде заңсыз сионистік режимнің құрылуына жағдай жасады.
Махмуд Аббас АҚШ-тың Палестина туралы қайшы ұстанымдарына тоқталып: "АҚШ-тың бір елдің немесе екі елдің мәселесін шешу жолын қолдайтыны белгісіз. Бірақ, Ақ үй бүкіл дүние айыптаған шешім қабылдап, Құдсты Израильдің астанасы ретінде жариялады",- деді.