Сионистік режимнің Премьер-министрі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына тағы шабуыл жасады
(last modified Thu, 22 Feb 2018 11:34:50 GMT )
Ақп 22, 2018 17:34 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің Премьер-министрі

Сионистік режимнің Премьер-министрі Иранның ядролық келісіміне тағы шабуыл жасап, оның өзгертілуін талап етті.

Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху сәрсенбі күні АҚШ-та яхуди ұйымдары басшыларының алдында: "Егер "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы өзгертілмесе, Иран шектеулі көлемде уран байытады", -деді.

Иранның ядролық келісіміне қол жеткізілмеуіне көп талпыныс жасағанымен жеңіліс тапқан сионистік режимнің Премьер-министрі: "Бұл келісім бойынша, Иранның бюджетіне жылына ондаған млрд доллар түсетін болады",-деді.

Беньямин Нетаньяху "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзу мақсатында қоғамдық пікір мен АҚШ Президенті Дональд Трампты арандатып: "Егер бұл келісім өзгертілмесе, Иран ядролық қару жасау жолына бет бұрады",-деді.

Сионистік режимнің өзі – Таяу Шығыс аймағында ядролық қаруға ие жалғыз режим. АҚШ-тың қолдауымен өзінің ядролық бағдарламасын бақылауға қатысты кез келген халықаралық міндеттемеден қашқақтап келеді.