БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Йемен туралы отырысында Иранға айып тағылды
Ұлыбритания, АҚШ пен Франция БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде саяси шоу ұйымдастырып, Иранды Йеменге қару жарақ жібереді деп айыптап, әлемнің қоғамдық пікірін осы үш елдің Сауд Арабиясының Йеменде жасап жатқан қылмыстарына ортақтастығынан алдарқатуға талпыныс жасап жатыр.
Талқыға салынған қарардың жобасы 26 ақпан күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде дауысқа салынады деп күтілуде. Бұл қарарда қозғалған тақырып шындыққа жанаспайды, ол тек Иранның Таяу Шығыс аймағындағы сындарлы рөлін нысанаға алуды көздейді.
Бұдан бұрын АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі екі рет сахналанған қойылым көрсетіп, «Йемендегі дағдарыс пен Таяу Шығыс аймағындағы тұрақсыздықтың жалғасуының басты факторы Йемендегі Ансаролла қозғалысына қару-жарақ жіберетін Иран» деп көрсетуге талпыныс жасады. АҚШ Президенті Дональд Трамп та Ақ үйге келе салысымен Иранды БҰҰ-да айыптауға тырысты, алайда әр жолы Иранның Таяу Шығыс аймағындағы өзгерістерге қатысты сындарлы дипломатиясына байланысты америкалықтар Иранмен саяси текетіресте жеңіліс тауып келеді.
Сауд режимінің Йеменге шабуылының АҚШ-тың рұқсатымен басталғаны баршаға мәлім. Америкалық ұшқыштар мен қырғи ұшақтар осы соғыста қолдаушы рөл атқарады. Саудиялық коалицияның АҚШ пен Ұлыбританияның тыйым салынған қару-жарақтарын пайдалануы Йеменді «адамзатқа қарсы қылмыс» пен «соғыс қылмыстарының» сахнасына айналдырды. Осындай жағдайда Иранды хусилерге қару‑жарақ жібереді деп айыптау Йемендегі шындықтардың өңін айналдырып көрсету үшін жасалып отыр. Осы аяда ИИР СІМ-нің бас хатшысы Бахрам Ғасеми өткен сейсенбіде: «Құрғақшылық пен тұрмыстық қиыншылыққа және әртүрлі созылмалы ауруларға душар болып отырған Йемен халқының қатты қоршауға алынғанын ескерсек, Йемен халқына зымыран жіберу туралы уәждер жас баланың бос ойыны болып отыр. Бұл ешқашан басқыншылардың қылмыстарын жуып-шаюға көмектеспейді»,-деді.
Саудиялық басқыншы коалицияның қоршауындағы Йеменнің әуе, құрлық және теңіз шекараларының жағдайы Ұлыбритания, АҚШ пен Францияның Иранға қарсы талпыныстарының ешқандай нәтиже бермейтіндігіне күмән қалдырмайды. Бұл үш ел БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерін өздеріне жақтастырып, әріптестік жасауға көндіре алмайды.
Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Василий Небензяның ұстанымы Ұлыбритания, АҚШ пен Францияның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Иранға қарсы оңай жолға ие болмайтынын көрсетеді. Василий Небензя сәрсенбі күні: «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Иранға санкция салу талпынысын мүлдем қабылдауға болмайды. Йеменге санкция салу мәселесінің Иранға ешқандай қатысы жоқ»,-деп қуаттады.
Йеменнің Ұлттық құтқару үкіметінің Премьер-министрі Абдулазиз бен Хабтур бірнеше күн бұрын Сауд Арабиясы мен АҚШ-тың Ираннан Йеменге зымырандар жіберілетіні туралы уәждерін теріске шығарып: «Йемендіктер ешқашан Ираннан зымыран алған емес»,-деді.
Иран аймақтық мәселелерде анық ұстанымға ие және қай жерде рөл атқарса, соны ашық түрде баяндап келді. Йемен дағдарысын шешу үшін Иран БҰҰ-ға төрт баптан тұратын жоба ұсынды. Бұл мәселе ИИР-ның Йеменге қатысты сыртқы саясатта ашық әрекет ететінін көрсетеді. Бұл саясат аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қызмет етеді. ИИР жауапкершілікті түсінетін ел ретінде аймақтың тұрақтылығы, бейбітшілігі мен қауіпсіздігін өзінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі санап, осы жолда шынайы қадам жасап келеді.