Ұлыбритания Парламенті Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің сапарына қарсылық білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i35005
Ұлыбритания Парламентінің 22 депутаты Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің осы елге сапарына қарсы кампанияға қосылып, сапарға наразылық білдірді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 22, 2018 21:26 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания Парламенті Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің сапарына қарсылық білдірді

Ұлыбритания Парламентінің 22 депутаты Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің осы елге сапарына қарсы кампанияға қосылып, сапарға наразылық білдірді.

Ұлыбритания Парламентінің әртүрлі партия мүшелері саналатын 22 депутаты Сауд Арабиясының Йеменге қарсы соғысы және бұл елдің көрші елдерге қатысты ішкі, сыртқы саясаттарына байланысты Сауд Арабиясының тақ мұрагері әрі Қорғаныс министрі Мұхаммад бин Салманның Ұлыбританияға ресми сапарына қарсылық білдірді.

Сапарға қарсылық білдірген депутаттар Мұхаммад бин Салманды Сауд Арабиясы, Йемен мен Бахрейндегі адам құқықтарын бұзу жөніндегі қылмыстар мен жайттарға жауапты және Катарға қарсы санкцияларды жүзеге асырушы деп атады. Сауд Арабиясы тақ мұрагері сапарының күшін жою туралы өтініш Ұлыбританияның белсенділері, заңгерлері мен адам құқықтары жөніндегі ұйымдардың Сауд Арабиясына қару-жарақ экспорттауға қарсылық білдіруінің нәтижесінде қабылданды. Сауд Арабиясы АҚШ-тың қолдауымен 2015 жылдың наурыз айынан бастап Йеменге шабуыл жасап, бұл елді құрлық, теңіз және әуе кеңістіктері бойынша қоршауға алған болатын.

Сауд Арабиясының Йемендегі соғыс отын өршітуі салдарынан бүгінгі таңға дейін он мыңдаған адам қаза тауып, жарақат алса, миллиондаған йемендік босқынға айналды. Халықаралық Денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 8 миллион 400 мың йемендік ашаршылыққа тап болған.

БҰҰ Йемендегі адами дағдарысты әлемдегі ең апатты дағдарыс деп атады.