Солтүстік Корея: БҰҰ-ның Бас хатшысы – АҚШ-тың қошеметшісі
(last modified Fri, 23 Feb 2018 11:25:22 GMT )
Ақп 23, 2018 17:25 Asia/Almaty
  • Солтүстік Корея: БҰҰ-ның Бас хатшысы – АҚШ-тың қошеметшісі

Солтүстік Корея бейсенбі күні БҰҰ Бас хатшысын осы елдің ядролық және зымырандық бағдарламаларына қарсы салынған халықаралық санкцияларды қолдағаны үшін Пхеньянмен жауласып отыр деп айыптады.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Солтүстік Кореяның БҰҰ-дағы өкілдігі өз мәлімдемесінде: "Гуттериш Мюнхен қауіпсіздік конференциясында сөйлеген сөзінде жауластық көзқарас білдірді.

Гуттериштің бұл сөздері дағдарыс тудыруға бағытталған әрі БҰҰ Бас хатшысы лауазымындағы міндеттемелеріне кереғар, оны АҚШ-тың қошаметшісіне айналды деп ойлауға себеп болады",-деді.

БҰҰ Бас хатшысы 16 ақпанда Мюнхен қауіпсіздік конференциясында: "Солтүстік Кореяға қысым жасау арқылы оны келіссөз жүргізуге көндіру керек",-деген болатын.