АҚХА Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына беріктігін тағы растады
АҚХА-нің есебі Иранның ядролық жұмыстарының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына толығымен сәйкес келетінін тағы растады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚХА-нің Бас директоры Юкио Амано бейсенбі күні Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына беріктігін тағы растап: «Иран теңізде қолданылатын ядролық мотор жасауға шешім қабылдағанын бізге хабарлады»,-деп мәлімдеді.
Амано Иранның ядролық бағдарламасының жағдайы туралы ең жаңа маусымдық есебінде бұл елдің ауыр су мен уран байытуға белгіленген межені сақтағанын растады.
Осы есеп бойынша, Иран бұрынғыдай АҚХА-не бақылау механизмдері бойынша келісілген шараларды атқаруға рұқсат берді.
ИИР-ның АҚХА-дегі елшісі әрі тұрақты өкілі Реза Наджафи осы агенттіктің жаңа есебі туралы: «Есеп «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы орындалған күннен бастап агенттіктің Басқарма кеңесіне аталмыш бағдарламаның дұрыс орындалып жатқаны туралы берілген тоғызыншы маусымдық есеп болып саналады. Бұл Иранның ядролық жұмыстарының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына толық сәйкес келетінін растайды»,-деді.