Ақп 23, 2018 23:28 Asia/Almaty
  • Трамптың

ИИР Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Арақчи бейсенбі күні Лондонда ирандық тілшілерге берген сұхбатында: "АҚШ Президенті Дональд Трамп "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қарсы шығу арқылы халықаралық қауымдастыққа қарсы шығып отыр",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сейіт Аббас Арақчи Трамптың  "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын жоюға бағытталған сәтсіз талпыныстарына тоқталып: "Трамп АҚШ-та президенттік сайлауда жеңіске жетпес бұрын осы бағдарламаны жыртып тастаймын деп уәде берген болатын. Алайда, жеңіске жеткеніне бір жыл бір ай болғанымен, әлі күнге дейін сәттілікке қол жеткізбеді ",-деді.

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының ішкі және сыртқы күші мен  келісімге қол қойған елдер мен халықаралық қауымдастықтың оған қолдау көрсетуінің арқасында Трамптың сәттілікке жетпегенін айтып: "АҚШ әлемде оқшау қалды. АҚШ-тың аталмыш келісімге мүше барлық елдерге жасап жатқан қысымдары бұл бағдарламаны қиын жағдайға қалдырды. Алайда халықаралық қауымдастық, соның ішінде Еуропа елдері осы уақытқа дейін тиісті позиция ұстанып келді",-деді.

 

Тегтер