АҚХА Иранның "Ортақ қадамға" толығымен берік екендігін оныншы рет растады
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі жуырдағы жаңа есебінде: "Иранның ядролық саладағы белсенділігі толығымен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына сәйкес келеді",- деп мәлімдеді.
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің (АХҚА) есептері шын мәнінде 2016 жылдың қаңтар айынан бастап жүзеге асырыла бастаған Иран мен "алтылық топ" (Ұлыбритания, Франция, Ресей, ҚХР, АҚШ пен Германия) арасындағы ядролық келісімнің ең маңызды бөлігі әрі көрсеткіші саналады.
АХҚА-ның Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасы бойынша міндеттемелеріне толығымен беріктігін мәлімдеген жағдайда Трамп Иранды айыптауын әлі жалғастыруда. "Ортақ қадам" бағдарламасы – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің растауымен барлық тарап қабылдаған көпжақты келісім. Алайда АҚШ "Ортақ қадам" бағдарламасының жүзеге асуына тосқауыл жасап отыр.
Иранның Атом қуаты ұйымының баспасөз хатшысы Беһруз Камалванди Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Иранның "Ортақ қадамға" сәйкес міндеттемелеріне толық беріктігіне негізделген есебінің жариялануына тоқталып: "АҚШ-тың "Ортақ қадамға" қарсы әрекеттеріне байланысты еуропалықтар америкалықтардың "Ортақ қадам" негізіндегі міндеттемелеріне берік болуы үшін тиісті қысым көрсетуі қажет",- деді.
The Washington Post жұма күні Ақ үйдің ақпарат көздеріне сілтеме жасап: "Трамп Иранның алты саладағы әрекетін өзгертуін "Ортақ қадам" келісімінде қалуының басты шарты ретінде бекітіп, Еуропа одағын Иранның алты саладағы әрекетін өзгертуі үшін әріптестікке шақырды",- деп жазды.
Трамп мұның алдында АҚШ-тың ядролық келісімінен шықпауы үшін келісімнің кейбір тармақтарына өзгеріс енгізу, Иранның барлық әскери базаларын тексеру мүмкіндігі мен Иранның баллистикалық зымырандық бағдарламасын шектеуді негізгі шарттар етіп қойған жағдайда, енді сол шарттарға адам құқығын бұзу, кибернетикалық қауіп-қатерлер мен Ислам революциясы Сақшылар корпусының экономикалық әрекеттерін қосып отыр.
АҚШ-тың шартары мен әрекеттерінің салдарынан ядролық келісім қатерге ұшырады. Кейбір сарапшылардың пікірінше, АҚШ үкіметі мен Еуропа үкіметтерінің арасындағы "Ортақ қадамға" қатысты келіспеушіліктері артуда.
Қазір Вашингтондағы Middle East институтында жұмыс жасайтын АҚШ Мемлекеттік департаментінің Таяу Шығыс істері жөніндегі бөлімнің бұрынғы басшысы Алан Кисоткердің пікірі бойынша, Америка Құрама Штаттары өзінің осы ұстанымымен жалғыз қалмақ.
Егер АҚШ айқын дәлелсіз ядролық келісімнен шығу туралы шешім қабылдаса, Еуропа, ҚХР мен Ресейді өзімен бағыттас болу үшін көндіре алмайды. АҚШ Конгресі қазір де "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты нақты шешім қабылдай алмай отыр. Ал Дональд Трамптың еуропалық серіктестерімен бірге осы мәселеге қатысты келісімге келуі жайлы күмәндар күннен-күнге артуда.
Саяси топтардың көзқарасы бойынша, Вашингтонның еуропалық басты одақтастары, яғни Франция, Германия мен Ұлыбритания үшін АҚШ-тың ядролық келісімнен шығуы немесе бұл елдер қаламай отырған АҚШ-тың бірқатар мәселелерді қайта қарастыруына табандылық танытуы АҚШ үкіметімен арадағы маңызды халықаралық алшақтықтың пайда болуына соқтыруы мүмкін.
ИИР-ның Ұлыбританиядағы елшісі Баиди Неджад бұл жайында: "Ұлыбритания және Еуропа елдері мен АҚШ-тың арасында "Ортақ қадамға" қатысты айтарлықтай келіспеушілік пайда болды",- деді.
Еуропа қазір де Трампқа автоматты түрде АҚШ-ты қолдауға мәжбүр еместігін түсіндіргісі келетін секілді.