Путин Ресейдің қару-жарақ бағдарламасына қол қойды
Ресей премьер-министрінің орынбасары президенттің қару-жарақ бағдарламасына қол қойғанын хабарлады.
Спутник хабар агенттігінің мәліметі бойынша Ресей премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Рогозин ел президенті Владимир Путиннің робототехника, жасанды интеллект, ұшқышсыз басқарылатын ұшақтар мен сапалы қару-жарақты құрайтын әскери қару-жарақ бағдарламасына қол қойғанын хабарлап, жаңа бағдарламаның Сирия соғысы жағдайындағы әскери қару-жарақты қолдану тәжірибесі негізінде дайындалғанын айтты.
Ресей премьер-министрінің орынбасары сөзінің жалғасында НАТО-ның әскери әлеуеті мен әлемнің барлық жерін нысанаға ала алатын Американың шабуылдаушы ультрадыбысты зымырандық кешені мен ядролық қару-жарақ жүйелерінің орнатылғанына көзжұмбайлық танытпау қажеттігін қуаттады .
Ресей премьер-министрінің орынбасары жалпы алғанда қару-жарақтың 200 астам түрінің сынақтан өткізілгенін айтты.
Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары Татьяна Шевцова да 2017 жылдың қараша айында Мәскеудің жаңа әскери қару-жарақ бағдарламасының құны 325 млрд долларды, үйлестірілген жүйесінің 17 млрд долларды құрағанын айтқан болатын.