Зариф Белградта Сербия Президентімен кездесті
ИИР Сыртқы істер министрі Сербия Президентімен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастарды дамыту туралы сөйлесті.
ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Сербия Президенті Александр Вучичпен кездесіп, саяси, экономикалық және мәдени салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытып, тереңдету қажеттігін қуаттады.
Сербия Президенті Александр Вучич те кездесуде елінің Иранмен ынтымақтастықтарын кеңейтуге дайын екенін және бұл салада ешбір шектеудің болмайтынын қуаттады.
Иран мен Сербияның халықаралық ұйымдардағы ынтымақтастықтарына шолу жасау, әлемнің әртүрлі аймақтарындағы қайшылықтарды келіссөздер және басқа да дипломатиялық жолдармен шешуді қуаттау Иран Сыртқы істер министрі мен Сербия Президентінің Белградтағы келіссөздерінің келесі тақырыбын құрады.
Мұхаммад Джавад Зариф сондай-ақ Сербия Сыртқы Істер министрі Ивица Дачичпен кездесіп: "Екі елдің арасында виза алынған соң Иран-Сербия тікелей әуе рейсі ашылса, Теһран-Белград сауда қарым-қатынастарын дамытуға көмектеседі",- деді. Сербия Сыртқы Істер Министрі Ивица Дачич те кездесуде елінің Иранмен қарым-қатынасынын дамытуға дайын екенін жариялап: "Иранның сауда-экономикалық делегациясының Сербияға сапар шегуі екі елдің экономикалық және сауда қарым-қатынастарының ілгерілеуіне себеп болады",- деді.