Ақп 27, 2018 20:22 Asia/Almaty
  • Иран мен Бельгияның Денсаулық сақтау министрлері кездесті

Иран мен Бельгияның Денсаулық сақтау министрлері кездесіп, медицина мен емдеу саласындағы екіжақты әріптестік жолдары жайлы сұхбаттасты.

Бельгияның Денсаулық сақтау министрі Мэгги де Блок Иранның Денсаулық сақтау министрі сейіт Хасан Қазизаде Хашемимен кездесіп, екі елдің әріптестігін одан ары дамыту қажеттігін қуаттап, Еуроодақ елдерін  Иранмен барлық салалар бойынша, әсіресе медицина мен емдеу саласында көбірек ынтымақтастық жасауға шақырды.

Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрі ИИР-ның фармацевтика, емдеу және медициналық құрал жабдықтар жасау салаларындағы  жетістіктері мен табыстарын баяндады.

Иранның Денсаулық сақтау министрі Еуроодақтың денсаулық сақтау және азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі комиссары Витянис Андрюкайтистің шақыруымен дүйсенбі күні кешке Иранның жоғары лауазымды делегациясын бастап, Бельгия мен Еуроодақтың денсаулық сақтау саласындағы басшыларымен кездесіп, сұхбаттасу үшін Брюссельге барды. 

Тегтер