Ереванда Иран мен Арменияның ортақ комиссиясының отырысы өтіп жатыр
Ереванда Иран мен Армения ынтымақтастығының ортақ комиссиясының он бесінші отырысы жұмысын бастады.
Ереванда Иран мен Арменияның ынтымақтастығы ортақ комиссиясының он бесінші отырысында Иранның Мұнай министрі Реза Ардаканиан, Арменияның Энергетика инфрақұрылымы мен табиғи қорлар министрі Ашот Манукян, Иран үкіметінің өкілдері және су мен электр қуаты өнеркәсібінің мамандарынан тұратын делегация қатысты. Ардаканиан ИИР-ның аймақ пен әлемдегі принципті саясаты бүкіл елдермен, әсіресе аймақтағы көршілес елдермен қарым-қатынасты дамыту екенін айтып: "Иран мен Арменияның жақсы саяси қатынасы аймақ елдерінің интеграциялануының арта түсуіне септігін тигізеді",-деді.
Иран мен Арменияның ынтымақтастығы ортақ комиссиясының он бесінші отырысында Иран, Армения, Грузия мен Ресей арасында электр қуатын тасымалдайтын үшінші желінің құрылысын аяқтауды жылдамдату және екі ел мен аймақ арасындағы электр қуатымен маусымдық сипатта алмасуға жағдай жасау сияқты мәселелер талқыланатын болады.
Сонымен қатар ирандық компаниялардың Арменияда электр стансалар салу жобаларына қатысу тәсілі, Аракс өзенінің қоршаған ортасы және Иран мен Армения арасында сауда қатынасы, тасымал мен кеден істерін дамыту осы отырыста талқыланатын тақырыптардың қатарын құрайды.