БҰҰ: Йемендегі тұрмыс жағдайы апатқа айналды
БҰҰ-ның Жедел жәрдем әрекеттерінің жауапты тұлғасы Йемендегі тұрмыс жағдайының Сауд Арабиясының соғысы мен құрғақшылық пен тырысқақ ауруы қатерінің артуына байланысты апатқа тірелгенін мәлімдеді.
Франция ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, БҰҰ-ның Жедел жәрдем әрекеттерінің жауапты тұлғасы Джон Джинг Қауіпсіздік кеңесінің Йемен туралы отырысында сөйлеген сөзінде: "Йемен соғысынан үш жыл өткен кезде бұл елдің жағдайы апатқа тірелді. Өткен жылдың қараша айынан бері жүз мың адамның үйлерін тастап кетуіне байланысты бұл елдің жағдайы одан сайын нашарлай түсті. Йеменде 22 200 000 адам азық-түлік көмегін қажет етеді. Олардың 8 400 000 құрғақшылықпен бетпе-бет келу қарсаңында. 2017 жылдың сәуір айынан осы уақытқа дейін Йеменде 1 100 000 адам тырысқақ аурына шалдықты. Бұл ауру бірінші рет 1982 жылы байқалып, осы уақытта кең таралды»,- деді.