Зариф Загребте Хорватия президентімен кездесті
(last modified Thu, 01 Mar 2018 16:26:27 GMT )
Нау 01, 2018 22:26 Asia/Almaty
  • Зариф Загребте Хорватия президентімен кездесті

ИИР Сыртқы істер министрі Загребте Хорватия президентімен кездесіп, екі елдің барлық салалардағы қатынастарын дамыту қажеттігін қуаттады.

Мұхаммад Джавад Зариф Хорватия президенті Колинда Грабар-Китаровичпен кездесуінде Иран мен Хорватия халықтарының достығын тарихи деп атап: "Иранның ірі экономикалық делегациясының Хорватияға сапары Иранның сауда және кәсіпкерлік секторларының Хорватияның кәсіпкерлік секторымен ынтымақтастық жасауға қызығушылығының нышаны саналады",- деді.

Иран СІМ Иранның Хорватиямен тең экономикалық қатынастар мен саяси қатынастарын нығайтуға әзір екендігін айтып: "Екі елдің алдында тұрған кейбір кедергілер мен қиындықтар тиісті шаралардың көмегімен шешіледі. Иран Хорватия үшін энергетикамен, әсіресе мұнай және газбен қамтамасыз ететін сенімді энергетикалық қайнар көз бола алады", -деді.

Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович те кездесуде өз елінің Иранмен қатынастарын кеңейтуге әзірлігіне сілтеме жасап, инвестициялау саласындағы екі елдің алдында тұрған қиындықтардың тездетіп шешілетіндігіне үміт білдірді. Хорватия президенті сондай-ақ туризм, азық-түлік өнеркәсібі, ғылым және технологиялар мен мұнай-химия салаларын Хорватия мен Иран ынтымақтастығы үшін жақсы салалар деп атады.