Ресей: Түркия – ДАИШ үшін қару-жарақтың басты көзі
https://itolqyn.com/news/world-i3520
Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі: «Түркия – Сириядағы ДАИШ лаңкестік тобы үшін қару-жарақ пен әскери құрал-жабдық жіберетін негізгі ел»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 02, 2016 15:45 Asia/Almaty
  • Ресей: Түркия – ДАИШ үшін қару-жарақтың басты көзі

Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі: «Түркия – Сириядағы ДАИШ лаңкестік тобы үшін қару-жарақ пен әскери құрал-жабдық жіберетін негізгі ел»,-деді.

«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Виталий Чуркин БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жолдаған хатында: «Мәскеуде Түркиядан Сириядағы ДАИШ лаңкестік тобы үшін қару-жарақ пен әскери құрал-жабдықтардың заңсыз түрде жіберілгендігі туралы құжаттарды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ұсынды. Түркия Сирияға гуманитарлық көмек тасымалдайтын көлік керуендері арқылы қару-жарақ тасымалдау үшін мемлекеттік емес ұйымдарды пайдаланады»,-деді.

Ресейдің БҰҰ-дағы өкілі Түркияның барлау қызметін осы іске жауапты деп атап: «ДАИШ лаңкестік тобы тек өткен жылы құны 1 млн 900 мың доллардан асатын жарылғыш заттар алды»,-деді.