Мәскеу Американың Сириядағы лаңкестерге көмектесіп жатқанын әшкереледі
Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары америкалық күштердің Сирияның шығысында лаңкестер үшін қауіпсіз кеңістік қалыптастыру мақсатында талпыныс жасап жатқанын хабарлады.
«Спутник» агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин бүгін сенбі күні осы елдің хабар арналарына берген сұхбатта Американың арнайы күштері мен Сириядағы осы елдің белсенді әскери бірліктерінің Сирияның шығысындағы эт-Танф аймағында лаңкестердің белсенділіктеріне қауіпсіз кеңістік қалыптастыруға көмектесіп жатқанын мәлімдеп: «Вашингтон Сирияның шығысындағы өзінің бақылауындағы аймақты лаңкестерді қауіпсіздікпен қамтамасыз ететін қорық ретінде пайдаланады» деді.
Ресейлік қайраткер Сирияның шығысындағы эт-Танфтағы тұрғын аймаққа жақын 55 км диаметрдегі аймақ қауіпсіздігінің алаңдатып отырғанын айтып: «Лаңкестер америкалық күштердің көмегімен Иракпен шекаралас осы аймақты шабуылдарына дайындалу үшін пайдаланады» деді.