Қазақстан Ядролық қаруларға тыйым салу келісіміне қол қойды
Қазақстанның Сыртқы істер министрі сенбі күні осы елдің Ядролық қаруларға тыйым салу келісіміне қосылғанын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров өз елінің атынан осы келісімге қол қойды.
Ядролық қаруларға қарсы 122 елдің өкілдері, соның ішінде Иран 2017 жылдың 7 шілдесінде БҰҰ-ның Нью-Йорктегі ғимаратының 1-конференц-залында кез келген жағдайда ядролық қаруларды өндіру, сынау, сатып алу, иелену, жинау, тасымалдау, пайдалану және қолдану туралы қоқан-лоққы жасауға тыйым салуға негізделген келісімді бекітті.
Сионистік режим мен ядролық қарулары бар елдер, соның ішінде АҚШ осы келісімді дауысқа салуға байкот жариялады.
Ядролық қаруларға тыйым салу келісімі бойынша, оған қосылған елдердің осындай қарулары бар болса, ядролық қойма мен осы салаға қатысты барлық нысадарын белгілі бір уақыт аралығында жоюы тиіс.
Қазақстанды қосқанда осы уақытқа дейін 57 ел аталмыш келісімге қол қойды. 5 ел келісімді өздерінің Парламенттерінде бекітті.